НҰР-СҰЛТАН, 25 - маусым. - Eurasia Todaу. Кремль өкілі Дмитрий Песковтың айтуынша, Ресей Президенті белгілі бір уақытта Иранға барады. Бұл туралы Кремль өкілі 24 маусымда ТАСС агенттігіне берген жауабында мәлімдеді, деп жазады ақпарат тілшісі.
«Владимир Путин міндетті түрде Иранға барады, бірақ сапар күні әлі белгісіз»,- деп жауап берді Кремль баспасөз өкілі Путиннің Иранға сапары мен Астана саммитіне қатысу мүмкіндігі туралы қойылған сұраққа.
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан бейсенбі күні, 23 маусымда Иран, Ресей және Түркия саммитінің Теһранда ұйымдастырылатынына үміт білдірген болатын.
Иран СІМ басшысы саммиттің коронавирус пандемиясына дейін жоспарланғанын, алайда содан бері шараның бірнеше мәрте кейінге шегерілгенін атап өткен еді.
Теңге бағамы
Ауа-райы