Дүниежүзілікденсаулықсақтауұйымымаймылшешегінінөршуінхалықаралықтөтеншежағдайдепжариялады
- Толығырақ
- Қаралды: 1220
НҰР-СҰЛТАН, 25 - шілде. - Eurasia Todaу. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс маймыл шешек індетін халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады.
Бұл туралы ол ұйымның төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің екінші отырысының қорытындысы бойынша мәлімдеді. Маусым айының аяғындағы өткен кездесуден кейін керісінше шешім қабылданды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының айтуынша, комитет мүшелері бұл мәселе бойынша ортақ шешімге келген жоқ, бірақ вирустың таралуына қатысты жағдай халықаралық алаңдаушылық тудыратын төтенше жағдайдың белгілеріне сәйкес келеді.
Атап айтқанда, бір ай бұрын 47 елде маймылдың 3040 жағдайы тіркелсе, бүгінде 75 елде 16 мыңнан астам ауру анықталып, 5 адам көз жұмды.
Тедрос Адханом Гебрейюс Еуропада маймыл шешек ауруы жоғары қауіп төндіретінін атап өтті. Әлемнің қалған бөлігінде ол орташа қауіп төндіреді.
Теңге бағамы
Ауа-райы