НҰР-СҰЛТАН, 7 - қыркүйек. - Eurasia Todaу. Қазақстанда 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты мерекелеуді ұсынды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы күн тәртібіне шығарылды.
25 қазанды мемлекеттік мереке – Республика күні деп белгілеу, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде белгіленсін, – делінген қорытындыда.
Сонымен қатар, отырыста депутаттар 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және басқа да әлеуметтік мәні зор әлеуеті жоғары даталармен салыстыру арқылы анықтауды ұсынды.
Осылайша, заң жобасын Мәжіліс мақұлдап, Сенатта қабылдаса, енді 1 желтоқсан қазақстандықтар үшін демалыс күні болмайды.
Теңге бағамы
Ауа-райы