НҰР-СҰЛТАН, 13 - қыркүйек. - Eurasia Todaу. Армения Әзірбайжанмен шекарадағы жағдайдың ушығуына байланысты Ресейге, ҰҚШҰ мен БҰҰ-ға ресми түрде көмек сұрайтын болады.
Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян өткізген Қауіпсіздік кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша республика үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартты орындау мақсатында Ресей Федерациясына, сондай-ақ ҰҚШҰ мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ресми түрде жүгіну туралы шешім қабылданды» - дәйексөздің соңы.
Еске салайық, бұған дейін Армения Қорғаныс министрлігі сейсенбіге қараған түні Әзірбайжан әскерлері республиканың оңтүстік-шығысындағы шекара маңындағы елді мекендерді атқылай бастағанын хабарлаған болатын. Ведомство Баку тек әскери ғана емес, азаматтық инфрақұрылымды да атқылап жатқанын, қаза тапқандар мен жараланғандар бар екенін атап өтті. Өз кезегінде Әзірбайжан Республикасының Қорғаныс министрлігі армяндық БАҚ пен әлеуметтік желілерде тез тараған бұл жаңалықты абсурд деп атады.
Теңге бағамы
Ауа-райы