АСТАНА, 24 - қыркүйек. - Eurasia Todaу. Украина Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Киевтегі Иран елшісінің сенім грамотасын қайтаратынын және Иран елшілігінің дипломатиялық қызметкерлерінің санын айтарлықтай қысқарту туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Бұл туралы Украина Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Twitter-де: «Иранның Украина соғысында Ресейге қару-жарақ беру әрекетінен кейін біз Иранның Украинадағы елшісінің сенім грамотасын қайтарып алу және Киевтегі Иран елшілігі қызметкерлерінің санын азайту туралы шешім қабылдадық», - деп жазды.
Еске салайық, дүйсенбі күні америкалық БАҚ Украина Қарулы Күштерінің офицерлерінің сөзіне сілтеме жасап: "Ресей Қарулы Күштері Украинадағы арнайы әскери операция кезінде Иранда жасалған шабуылдаушы ұшқышсыз ұшақтарды көбірек пайдаланады", - деп хабарлаған болатын.
Алайда Иран Украина мен Америка Құрама Штаттарының Ресейге қару жіберу туралы мәлімдемелерін жоққа шығарды.
Теңге бағамы
Ауа-райы