АСТАНА, 03 - наурыз. - Eurasia Todaу. Мәскеуде 6 наурыз күні Қырғызстан мен Ресей әйелдер форумы өтеді.
«Болашақ үшін Қырғызстан мен Ресей диалогы» атты ұранмен Мәскеуде алғашқы Қырғызстан-Ресей әйелдер форумы өтеді.
Шарада Қырғызстанның бірінші ханымы Айгүл Жапарова құттықтау сөз сөйлейді. Сондай-ақ форумға Жогорку кеңешінің вице-спикері Джамиля Исаева, Денсаулық сақтау министрі Гүлнара Баатырова, Білім және ғылым министрінің орынбасары Надира Жүсіпбекова, Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Татьяна Москалькова және Ресей экспорттық орталығының бас директоры Вероника Никишина қатысады.
Іс-шараға қатысушылар гуманитарлық ынтымақтастықты, әйелдер кәсіпкерлігін және денсаулық сақтауды дамыту, сондай-ақ талантты жастарды қолдау сияқты өзекті мәселелерді талқылайды.
Теңге бағамы
Ауа-райы