АСТАНА, 11 - наурыз. - Eurasia Todaу. Иран мен Сауд Арабиясы жеті жылдан кейін дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіруге және өзара негізде елшіліктер ашуға келісті.
Иран мен Сауд Арабиясының жоғары лауазымды шенеуніктері Теһран мен Эр-Рияд арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру мәселесі бойынша келісімге келді. Келісімге Бейжіңде Қытай шенеуніктерінің делдалдығы арқылы қол жеткізілді.
Иран, Сауд Арабиясы және ҚХР өкілдерінің бірлескен мәлімдемесінде «Иран мен Сауд Арабиясы екі ай ішінде дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіруге және елшіліктер мен өкілдіктерді өзара ашуға келісті»,-делінген.
Сонымен қатар екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары жақын арада осы мәселеге қатысты егжей-тегжейлерді талқылау үшін кездесетіні атап өтілді.
Айта кетсек, Йемендегі дағдарысқа байланысты шиеленіскен екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 2016 жылы толығымен үзілген еді.
Теңге бағамы
Ауа-райы