АСТАНА, 11 - наурыз. - Eurasia Todaу. Қазақстанның Мажарстандағы елшілігінде сараптамалық кездесу өтті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған саяси реформаларының қорытындылары мен ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық талқыланды.
Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Жәнібек Әбдрашев алдағы парламенттік сайлау мен сайлау науқанына тоқтала отырып, жүйелі қайта құрулар Қазақстанда партиялық құрылысты жандандырудың іргетасын қалағанын атап өтті.
Сарапшылар Мажарстан мен Қазақстанның сайлау жүйелері арасындағы ұқсастықтарды салыстырып, алдағы сайлаудың аралас пропорционалды-мажоритарлық моделінің ерекшелігін атап өтті.
Мажарстан сарапшылары жаңа ережелер билік тармақтарын қалыптастыру кезінде бәсекелестікті арттыратынын және депутаттарға сайлаушылардың мүдделерін неғұрлым толық білдіруге мүмкіндік беретінін айтып, алдағы сайлаудың сәтті өтуіне тілек білдірді.
Теңге бағамы
Ауа-райы