• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
479 Категория: Политика - Жарияланды 24/03 - 10:14

АСТАНА, 24 - наурыз. - Eurasia Todaу.  22 наурыз күні Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов бастаған Өзбекстан делегациясы жұмыс сапарымен Ауғанстанға барды.

Кабулда Өзбекстан делегациясы Ауғанстан Премьер-министр орынбасарының міндетін атқарушы Мулла Абдул Ғани Бародармен, Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амирхан Муттакимен, Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Якуб Моджахедпен және уақытша үкіметтің басқа да мүшелерімен кездесулер өткізді.
Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және Ауғанстан аумағы арқылы транзиттік жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар маңызды көлік және энергетикалық жобаларды іске асыру, атап айтқанда Термез - Мазари-Шариф - Кабул - Пешавар темір жолын салу және Сурхан - Пули- Хумри бағыты бойынша электр жеткізу желісін салу мәселелеріне баса назар аударды.
Тараптар жұмыстың практикалық кезеңіне тезірек көшу қажеттігін атап өтіп, екіжақты күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайындығын растады.
Келіссөздер барысында әйелдердің құқықтарын сақтау және қорғау, қыздардың Ауғанстандағы білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету , сондай-ақ Термездегі білім беру орталығы базасында ауғанстандық кадрларды даярлау қажеттілігі атап өтілді. 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+9°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети