АСТАНА, 20 - мамыр. - Eurasia Todaу. 18 мамырда Сиань қаласында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон мен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев кездесті.
Кездесуде Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы талқыланды.
Өзара сауда көлемін ұлғайту және өнеркәсіптік кооперация жобаларын, оның ішінде энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, көлік-коммуникация және басқа да салалардағы жобаларды ілгерілету бойынша қабылданған шешімдерді іс жүзінде жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы түрлі деңгейлер мен бағыттардағы, соның ішінде Орталық Азия-Қытай саммиті аясындағы қарым-қатынастардың жай-күйі мен келешегін талқылады.
Айта кетейік, екі ел президенттерінің кездесуі Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары және «Орталық Азия-Қытай» бірінші саммитінің жоғары деңгейдегі іс-шарасы аясында өтті.
Теңге бағамы
Ауа-райы