• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
468 Категория: Политика - Жарияланды 22/05 - 09:54

АСТАНА, 22 - мамыр. - Eurasia Todaу. Татарстанның рәйісі Рустам Минниханов Иран Ислам Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Алиреза Пейман Пакпен кездесті.

Татарстан басшысы ресми сайтының хабарлауы бойынша кездесуде өзара іс-қимыл, іскерлік және серіктестік байланыстарды нығайту, соның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы мәселелер талқыланды.
Рустам Миннихановтың айтуы бойынша Татарстан Ресей-Иран қарым-қатынастары аясында Иран Ислам Республикасымен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді.
Рустам Минниханов Татарстанның Ресейдің бір аймағы ретінде Теһранмен де, Иранның көптеген провинцияларымен де жақсы диалог орнатқанын атап өтті. Ол өткен жылдың қыркүйегінде Иранға сапары барысында Теһранға, Гүлстан мен Шығыс Әзірбайжан провинцияларына барғанын, онда Татарстан-Иран ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері талқыланғанын айтты.
Рустам Минниханов сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін айтып, ирандық бизнестің Татарстанды тиімді әрі келешегі зор серіктес ретінде қарастыруына мүдделілік танытты.
Кездесу «Ресей – Ислам әлемі: KazanForum» XIV халықаралық экономикалық форумы алаңында өтті.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+9°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети