• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
16 Категория: Политика - Жарияланды 23/04 - 09:56

НҰР-СҰЛТАН, 23-сәуір. - Eurasia Today. Қазақстанның Исландиядағы жаңа Құрметті консулы Сигурдур Атли Йонссон онлайн-кездесу аясында таныстырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуге Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі, сондай-ақ Исландия және Ирландиядағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Ерлан Ыдырысов, Исландия Сыртқы істер министрлігі протокол қызметі басшысының орынбасары және экономикалық мәселелер жөніндегі директоры Петур Торстенссон, сондай-ақ «Arctic Green Energy» компаниясы төрағасының орынбасары және аға кеңесшісі болып табылатын жаңа Қазақстанның Исландиядағы Құрметті консулы Сигурдур Атли Йонссон қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан мен Исландия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселесі талқыланды. Атап айтқанда жаңартылатын энергия көздері, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастық болашағы әңгіме өзегіне айналды. Осы тұрғыда Исландияның осы салада жинақтаған зор тәжірибесін пайдалана отырып, Қазақстанда геотермалдық энергия көздерін дамыту өзара тиімді ынтымақтастықтың әлеуетті және өнімді бағыты болып табылатыны ерекше атап өтілді.

Сондай-ақ Қазақстандағы «Arctic Green Energy» исландиялық компаниясының геотермалдық энергия көздерін дамыту саласындағы қызметі талқыланды. «Arctic Green Energy» компаниясы экологиялық таза жаңартылатын энергия көздерін дамытудағы, соның ішінде қаланы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету, электр энергиясын өндіру және ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін геотермалдық энергияны пайдаланудағы жетістіктерімен танымал.

Исландиямен осы бағыттағы ынтымақтастық Қазақстанның Глазгодағы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның алдағы жаһандық конференциясына дайындығы шеңберінде, сондай-ақ төмен көміртекті дамудың 2050 жылға дейінгі елдік тұжырымдамасын әзірлеу контексінде маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Тараптар Қазақстанда басқа тетіктердің арасында геотермалдық ресурстарды пайдалана отырып, тарифтерді реттеуге бағытталған жылумен жабдықтау туралы заңның әзірленуін оң бағалады. Оның исландиялық «Arctic Green Energy» компаниясымен ынтымақтастық үшін пайдасы зор. Геотермалдық энергияны дамыту жөніндегі жобаларды іске асырудың табысты тәжірибесі ретінде «Arctic Green Energy» Қытайдағы қалаларды жылыту және салқындату жөніндегі «Sinopec» компаниясымен бірге жасалған жобаны атап өтті. Оның құны 200 млн. доллардан астам және Қытайдың 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі әрекеттерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Таза және тұрақты геотермалдық энергия қолданыстағы қазба энергия көздерін алмастырады, көміртегі шығарындыларын азайтады және Қытайдың ірі қалаларындағы ауа сапасын жақсартады.

Кездесу соңында Е.Ыдырысов қатысушыларды аумағында инвесторлар үшін теңдессіз жағдайлар жасалып, ағылшын құқығы қағидаттары қолданылатын «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қазіргі жағдайы мен дамуы туралы хабардар етті. «Arctic Green Energy» компаниясына Қазақстандағы «жасыл» жобаларды дамытуға баса назар аудара отырып, АХҚО алаңында өз өкілдігін ашу ұсынылды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+23°C Душанбе
+30°C Ашхабад
+27°C Ташкент

Соцсети