• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
15 Категория: Политика - Жарияланды 23/04 - 12:00

НҰР-СҰЛТАН, 23-сәуір. - Eurasia Today. Кеше Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен телефон арқылы сұхбаттасты. Бұл туралы kz.eurasiatoday.ru ақпарат сайты хабарлады.

Осы мәліметке сәйкес, М.Тілеуберді мен Э.Блинкен халықаралық күн тәртібі мен екіжақты қарым-қатынастардың маңызды мәселелерін, соның ішінде кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету перспективаларын талқылады.
ҚР Сыртқы істер министрлігі жариялаған хабарламада: «М. Тілеуберді Блинкенді Президент Қ. Тоқаевтың Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесін одан әрі демократизациялауға бағытталған реформаларынан хабардар етті. АҚШ Мемлекеттік хатшысы өз тарапынан «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси реформалар жоспарын АҚШ табанды қолдайтынын мәлімдеді» деп жазылған.
Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығына арналған іс-шараларға дайындық пен олардың кестесі және С5+1 диалог платформасының жуырда өтетін онлайн-отырысы қарастырылды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+16°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+21°C Ташкент

Соцсети