• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
23 Категория: Политика - Жарияланды 30/04 - 12:41

НҰРСҰЛТАН, 30-сәуір. - Eurasia Today. Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Кувейтке сапары барысында Кувейт премьер-министрімен кездесті. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлайды.

Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Саид Хатибзаде  бейсенбі күні Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің Кувейтке сапары туралы хабарлады.
Сапар барысында Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Кувейт премьер-министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабахпен кездесті. 
Кездесуде Мұхаммад Джавад Зариф екі ел арасындағы қарым-қатынасты кеңейту және нығайту және қолданыстағы мүмкіндіктерді, әсіресе экономикалық және сауда саласында іске асыру қажеттігін атап өтті.
Кувейт премьер-министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабах Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің Кувейтке сапарын құптап, екі елдің ресми өкілдері арасындағы байланыстардың қажеттілігін атап өтті.  
Сонымен қатар, Кувейт премьер-министрі Венадағы келіссөздердің жалғасын тапқанына қанағаттанушылық білдіріп, келіссөздер оң нәтижеге қол жеткізеді деген сенімін білдірді. 
Айта кетсек, Иран Сыртқы істер министрі Кувейтке дейін Доха, Бағдад, Эрбил және Маскат қалаларында болып, Катар, Ирак және Оман шенеуніктерімен кездесіп, екіжақты қатынастар мен аймақтық және халықаралық оқиғаларды талқылады.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+23°C Душанбе
+30°C Ашхабад
+27°C Ташкент

Соцсети