• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1141 Категория: Политика - Жарияланды 03/06 - 09:57

НҰРСҰЛТАН, 3-маусым. - Eurasia Today. Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп, жоғары деңгейдегі тұрақты, сенімді диалог жан-жақты, ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестіктің кепілі екенін қуаттады. Бұл туралы ақпарат тілшісі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Екі ел басшылары 2019 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Президентінің Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген маңызды уағдаластықтардың жүзеге асырылуына көңілдері толатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл толатынын атап өтіп, қарқынды дамып келе жатқан екіжақты байланыстарға жоғары баға берді.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы кез келген сын-қатерге төтеп бере алатын және үлгі тұтарлық деңгейде екенін айтты .

Президент жуырда Қазақстанға Бейжіңнен «CoronaVac» вакцинасының алғашқы топтамасының жеткізілгеніне тоқталып, Қытай тарапына ризашылығын білдірді.  

Си Цзиньпин екіжақты стратегиялық әріптестікке және күрделі кезеңде көрсетілген өзара көмекке қатысты Қазақстан Президентінің берген бағасын құптады.

Тараптар әлемдік және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да  пікір алмасты.  

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
+0.50
USD
424.69
-0.04
EUR
504.72
-0.20
RUB
5.82
+0.13
TJS
37.52
+0.59
TMT
121.39
+0.59
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+33°C Теһран
+24°C Мәскеу
+23°C Нұр-Сұлтан
+29°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+36°C Ашхабад
+32°C Ташкент

Соцсети