• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
294 Категория: Политика - Жарияланды 08/06 - 13:14

НҰРСҰЛТАН, 8-маусым. - Eurasia Today. 6 маусымда Ауғанстанда Түркіменстан мен Ауғанстан Сыртқы істер министрлері деңгейінде саяси кеңес өтті.

Түркіменстан СІМ мәліметіне сәйкес, кеңес барысында Түркіменстан мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа қатысты көптеген мәселе талқыланды.

Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов екі елдің өзара әрекеттесуінің басым бағыттарын мәлімдеп, екіжақты байланыстардың дамуының оң динамикасы мен екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігіне тоқталды.

Ауғанстан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммед Ханиф Атмар да мемлекетаралық қатынастардың жоғары деңгейін қанағаттанушылықпен атап, Түркіменстанның Ауғанстан мен ел халқына қолдауының маңыздылығын баса айтты.

Кездесуде аймақ қауіпсіздігі мәселелері де күн тәртібінде болды. Ауғанстандағы тұрақтылық пен орнықты дамуды сақтаудағы әрекеттерді үйлестірудің маңыздылығы қуатталды.

Маусымның 5-6 күндері Түркіменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередов бастаған жоғары деңгейлі түркімен делегациясы Ауғанстанға жұмыс сапарымен барды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
+0.50
USD
424.69
-0.04
EUR
504.72
-0.20
RUB
5.82
+0.13
TJS
37.52
+0.59
TMT
121.39
+0.59
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+32°C Теһран
+24°C Мәскеу
+23°C Нұр-Сұлтан
+29°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+36°C Ашхабад
+32°C Ташкент

Соцсети