• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
916 Категория: Политика - Жарияланды 02/08 - 11:40

НҰРСҰЛТАН, 2 - тамыз. - Eurasia Today. ТМД бірнеше мемлекетінің Білім министрлері әлеуметтік-гуманитарлық ынтымақтастықты жандандыруға келісті. Бұл туралы ақпарат торабының тілшісі Қырғыз республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Болотбек Купешев, Ресей Федерациясының Білім министрі Сергей Кравцов, Тәжікстан Республикасының Білім және ғылым министрі Махмадюсуф Имомзода және Өзбекстан Республикасының білім Министрі Шерзод Шерматов бейнеконференция режимінде кездесу өтті.

Кездесу барысында министрлер елдер арасындағы әлеуметтік-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі жандандыру үшін білім мен ғылым саласындағы кең ауқымды мәселелер бойынша дәлелді пікір алмасты.

Б.Купешев қырғыз тарапының бауырлас елдер арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты жақсартуға және кеңейтуге үнемі ұмтылатынын айтып, сапаны бағалау және білім мазмұны, жастарға мәдени тәрбие беру, педагогикалық кадрларды бірлесіп дайындау, бірлескен оқу және ғылыми іс -шараларды ұйымдастыру мен өткізу және т.б бағыттар бойынша өзара ынтымақтастық жасауға дайын екенін мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытып, кеңейту мақсатында мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге келісті.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+31°C Душанбе
+27°C Ашхабад
+24°C Ташкент

Соцсети