• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
2732 Категория: Политика - Жарияланды 16/08 - 10:42

НҰРСҰЛТАН, 16 - тамыз. - Eurasia Today. Ауғанстан астанасы Кабулда қауіпсіздік жағдайының шиеленісуіне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы Твиттерде екі жазба жариялады: «Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткіздім. АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Ахуал мұқият бақылауда».

«Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру тапсырылды. Кабулдағы Қазақстан елшілігі шағын құрамда жұмыс істеуде. Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданып жатыр».

Соңғы күндері «Талибан» тобы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстанның стратегиялық қалаларын бірінен соң бірін басып алып, осы елдің президенті Ашраф Ғани отставканы қабылдап елден кеткен соң астана Кабулдың бақылауын өз қолына алды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
465.29
0.00
EUR
484.97
0.00
RUB
7.56
0.00
TJS
45.57
+0.02
TMT
132.94
+0.01
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+13°C Теһран
-6°C Мәскеу
-22°C Астана
-4°C Бішкек
-7°C Алматы
+13°C Душанбе
+16°C Ашхабад
+10°C Ташкент

Соцсети