• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1521 Категория: Политика - Жарияланды 14/09 - 13:23

НҰРСҰЛТАН, 14 - қыркүйек. - Eurasia Today. Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінде Қазақстанның консулдық округы Эно, Льеж, Люксембург және Намюр провинцияларындағы құрметті консулы патентін беру рәсімі өтті. Бұл туралы ақпарат тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның жаңа Құрметті консулы болып 35000-нан астам кәсіпорынды қамтитын «BECI» Сауда-өнеркәсіптік палатасының төрағасы Оливье Вилокс тағайындалды. Сонымен қатар, ол Брюссель бизнес федерациясы мен Валлондық кәсіпорындар одағының директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұхан бұл Бельгияның әр түрлі аймақтарында ашылған төртінші құрметті консулдық екенін атап өтті. Олардың мақсаты – екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту.

Шара барысында Оливье Вилокс өзіне көрсетілген сенім үшін алғысын білдіріп, екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамытатынына, сондай-ақ өзінің консулдық округінде Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғайтынына сендірді және алдағы қызметінің негізгі бағыттары бойынша ұсынысын жеткізді.

 
 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+31°C Душанбе
+27°C Ашхабад
+24°C Ташкент

Соцсети