• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1038 Категория: Политика - Жарияланды 15/09 - 19:37

НҰРСҰЛТАН, 15 - қыркүйек. - Eurasia Today. Владимир Путин Иран Ислам Республикасының Президенті Сейед Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті.

РФ Президентінің ресми сайтының мәліметіне сәйкес, Ресей Президенті Владимир Путин Иран президентінің 17 қыркүйекте Душанбеде өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне бақылаушы ел ретінде қатысуын ескере отырып, Ибрахим Раисимен осы ұйым шеңберіндегі жұмыстың өзекті мәселелерін талқыланды.

Екі ел президенттері сонымен қатар әр түрлі салалардағы өзара тиімді Ресей-Иран қатынасын нығайтуға деген өзара көзқарастарын растады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық байланыстардың табысты дамуы мен коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күресте жақсы жолға қойылған ынтымақтастық аталды.

Халықаралық күн тәртібіндегі бірнеше тақырып, соның ішінде Иранның «Ортақ қадам» ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдай қозғалды.

Тараптар байланысты жалғастыруға келісті.

Айта кетейік, кеше сейсенбі күні Ресей президентінің ковидпен ауырып жүрген науқаспен байланыста болғаннан кейін оқшаулануға шешім қабылдағаны белгілі болды. Сол себепті Ресей мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президенттің екіжақты кездесулері, соның ішінде Путиннің Душанбеде ШЫҰ саммиті аясында Раисимен өткізу жоспарланған кездесуі кейінге қалдырылғанын мәлімдеді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+31°C Душанбе
+27°C Ашхабад
+24°C Ташкент

Соцсети