• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
23 Категория: Политика - Жарияланды 17/09 - 15:06

НҰРСҰЛТАН, 17 - қыркүйек. - Eurasia Today. Қазақстан Республикасының Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтының мәліметіне сәйкес, кездесу барысында ТүркПА мерейтойлық X пленарлық сессиясына дайындық мәселелері талқыланды. Түркітілдес елдердің парламентарийлерінің форумы ағымдағы жылдың 27-28 қыркүйегінде Түркі әлемінің астанасы Түркістан қаласында өтеді. Оның негізгі оқиғасы Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламенттері мен олардың палаталарының басшылары қатысатын ТүркПА Кеңесінің отырысы мен Х пленарлық отырысы болмақ. 

Қазақстан Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин парламентарийлердің алдағы отырысы туралы айта отырып, депутаттарға алғашқы онжылдықтағы жұмыстың қорытындысын шығарып қана қоймай, сонымен қатар заманымыздың өзекті мәселелерін ескере отырып, әрі қарайғы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын толық көлемді форматта талқылауға мүмкіндік беретін мерейтойлық X пленарлық сессияның маңыздылығына тоқталды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясына бүгінде Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламентарийлері кіреді. 2014 жылы парламенттік ұйымда Венгрияға бақылаушы мәртебесі берілді. Олий Мажлис Заң шығару палатасының спикері бастаған Өзбекстан парламентарийлері де ТүркПА мерейтойлық Х пленарлық сессиясына қатысуға шақырылды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети