• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1790 Категория: Политика - Жарияланды 18/09 - 11:00

НҰРСҰЛТАН, 18 - қыркүйек. - Eurasia Today. Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Имран Хан Душанбеде Тәжікстан Республикасының Президентімен келіссөздерден кейін баспасөз конференциясында сөз сөйледі.

Тәжікстан СІМ ресми сайтының мәліметі бойынша, Имран Хан алдымен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін табысты өткізуімен шын жүректен құттықтады. Сөзінің жалғасында Имран Хан Ауғанстан мәселесіне тоқталды:
«Бүгінгі таңда біздің екі елді мазалап отырған ең маңызды тақырып - Ауғанстан мәселесі.
Тәжікстан Президенті өте дұрыс айтқандай, Ауғанстанда бейбітшілікті қалпына келтіру тек Тәжікстан мен Пәкістан үшін ғана емес, әсіресе қырық жыл бойы қақтығыс жалғасып келе жатқан елдегі шыдамды Ауғанстан халқы үшін өте маңызды.
Қазіргі жағдайды ескере отырып, біз болашақта осы елде бейбітшілік пен тұрақтылық болу үшін қалай кепілдік беру немесе қолдан келетіннің бәрін жасаудың жолдарын талқыладық.
Біздің елдердің алаңдаушылығын тудырған жанжал - Панджширдегі тәжіктер мен тәліптер арасындағы қақтығыс.
Бүгін біз (осы мәселені шешуге) бар күшімізді саламыз деген шешімге келдік. Президент мырза, сіз өз ықпалыңызды тәжіктерге қолданасыз, біз пуштундар немесе талибтерге қатысты бар күшімізді саламыз. Біз олардың арасындағы алауыздықты диалог арқылы шешу үшін бар күшімізді саламыз.
Оларды көп ұлтты Ауғанстан үшін қажет инклюзивті үкімет құруға шақырамыз.
Ауғанстанда пуштундардың 45 пайызы, сонымен қатар этникалық тәжіктердің үлкен бөлігі тұрады. Бұл елде хазарлар мен өзбектер де бар. Осылайша, Ауғанстанда тұрақты бейбітшілік тек инклюзивті үкіметтің арқасында мүмкін болады.
Бұл тұрғыда біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, біз ешбір елге бұйрық бере алмайтынымызды біле отырып, оларды Ауғанстанның достары ретінде проблемаларды, әсіресе Панджшир алқабындағы тәжіктер мен «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) арасындағы қазіргі жағдайды шешуге табанды түрде шақырамыз.
Біз сондай-ақ, гуманистік тұрғыдан аймаққа гуманитарлық көмектің енуіне қойылған блокаданы тоқтатуға шақырамыз.
Осылайша, біз бүгін келіскендей, Ауғанстанда инклюзивті үкімет құрылғанда ғана бейбітшілікке қол жеткізуге болады. Барлық фракциялар, этникалық топтар үкіметтің құрамында болуы керек. Бұл тұрақты бейбітшілікке әкеледі».
Айта кетейік, қыркүйектің 16-17 күндері Тәжікстан астанасы Душанбеде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) құрылғанына 20 жыл толуына орай мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің саммиті өтті.
Саммите Ауғанстан тақырыбы күн тәртібіндегі өзекті мәселе ретінде қарастырылды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети