• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
26 Категория: Политика - Жарияланды 25/09 - 16:57

НҰРСҰЛТАН, 25 - қыркүйек. - Eurasia Today.  Имран Хан БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында әлемдік қауымдастықты Ауғанстандағы «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) үкіметін нығайтып тұрақтандыруға шақырды.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 76-сессиясында сөйлеген сөзінде әлемдік қауымдастықты «Ауғанстан халқының мүддесі үшін» осы елдегі билік басына келген «Талибан»  (Қазақстанда Сот үкімімен тыйым салынған ұйым) үкіметін нығайтып, тұрақтандыруға шақырды.

Имран Хан «Талибан» (Қазақстанда Сот үкімімен тыйым салынған ұйым) басқаратын Ауғанстанға қатысты халықаралық қоғамдастық үшін екі жол бар екенін мәлімдеді: «БҰҰ мәліметі бойынша, Ауғанстан халқының жартысы қазірдің өзінде осал топқа жатады. Егер біз дәл қазір Ауғанстанға немқұрайлы қарайтын болсақ, келесі жылға қарай Ауғанстандағы халықтың 90 пайызы дерлік кедейліктің шегінен төмен болады. Алда үлкен гуманитарлық дағдарыс күтіп тұр. Бұл Ауғанстанның көршілеріне ғана емес, барлық жерде елеулі зардаптарға соқтырады», - деді.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Ауғанстандағы тұрақсыздық пен бейберекеттіктің халықаралық лаңкестер үшін тағы да қауіпсіз баспанаға айналу мүмкіндігі бар екенін айтты.

Ол: «Бір ғана жол бар. Біз Ауғанстандағы қазіргі билікті күшейтіп, тұрақтандыруға тиіспіз», - деді.

Пәкістан премьер-министрі Ауғанстанның қиын-қыстау  кезеңде тұрғандықтан, уақыттың өте маңызды екенін баса айтты.

«Сіздер уақытты босқа кетіре алмайсыздар. Ол жаққа көмек қажет. Гуманитарлық көмек жедел көрсетілуі керек. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы батыл қадамдар жасады. Мен сіздерді халықаралық қоғамдастықты жұмылдырып, осы бағытта әрекет етуге шақырамын»,-деді.

Айта кету керек, тамыз айының басында «Талибан» (Қазақстанда Сот үкімімен тыйым салынған ұйым) Ауғанстанның үкіметтік күштеріне қарсы шабуылдарын күшейтіп, 15 тамызда Кабулға кіріп, билікті қолына алып, келесі күні соғыстың аяқталғанын хабарлады.

Содан бері осы елде саяси тұрақсыздық, экономикалық дағдарыс орнап, гуманитарлық сала қиын жағдайға душар болды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети