• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
998 Категория: Политика - Жарияланды 05/10 - 14:06

НҰРСҰЛТАН, 5 - қазан. - Eurasia Today. Әзірбайжан Республикасының Президенті Иран шекарасына жақын жерде сионистік режим әскерилерінің құзырын жоққа шығарып, өз елі тәуелсіз сыртқы саясат жүргізетінін мәлімдеді.

Fars News агенттігінің мәліметіне сәйкес, Әзірбайжан президенті Илһам Әлиев Бакудің тәуелсіз сыртқы саясат жүргізіп отырғанын, соның негізінде көршілес елдермен байланыс орнататынын, ешкімге өз елінің ішкі ісіне араласуға рұқсат бермейтінін мәлімдеді.

Ол: «Қай елмен байланыс орнатып, бұл істі қай деңгейде жасайтынымыз өзімізге қатысты. Біз Арменияның жақын достары саналатын елдерге қарсы уәж айтпаймыз. Бұл бізді ренжітуі мүмкін, әсіресе, егер ол біздің көршіміз болса, бірақ біз бұл мәселені көтермейміз.

Біз егемендік құқығымызды құрметтеуді, ішкі ісімізге араласпауды талап етеміз. Бізге тағылған айып ресми түрде дәлелденуі керек. Осында келіп, шетелдік бір азаматты тауып алсын. Олар «Әзірбайжан бұл аймақтарда Израильге жол ашты» деген уәж айтады. Олар көздерін ашып көрсін. Олар бұл жердің қай жерінен Израильді көрді?» - деді.

Мұның алдында Әзірбайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Лейла Абдуллаева Иран мен өз елі шекарасына жақын жерде «ешбір елдің «үшінші» әскери күші жоқ» деп мәлімдеп, өз елінің Теһранмен қарым-қатынасын «достық пен ынтымақтастыққа негізделген» деп сипаттады.

Ол күнделікті баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде: «Ең алдымен, Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Әмір Абдоллаһиан жергілікті телеарнаға берген сұхбатында айтқандай, біздің елдеріміздің қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап айтқым келеді. Әзірбайжан республикасы мен Иран арасындағы қарым-қатынас күшті тарихи байланысқа, достық пен ынтымақтастыққа негізделген», - деді.

Лейла Абдуллаева баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінің келесі бөлігінде Иран мен Әзірбайжан республикасының шекарасына жақын жерде «ешбір елдің» «үшінші» күші жоқ деп мәлімдеді.

ИИР СІМ Хосейн Әмір Абдоллаһиан Әзірбайжан республикасының Ирандағы жаңа елшісінің сенім грамотасының көшірмесін қабылдау барысында Әзірбайжандағы Иранның қауіпсіздігіне қарсы сионистік режимнің белсенді құзырына төзе алмайтынын айтқан болатын.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети