• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1921 Категория: Политика - Жарияланды 13/10 - 11:14

НҰРСҰЛТАН, 13 - қазан. - Eurasia Today. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.

Ақорда сайтының мәліметіне сәйкес, Қазақстан Президенті 12 қазан күні Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомство басшыларының алтыншы кеңесіне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.

Кездесу аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, атап айтқанда сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар талқыланды.

Сонымен қатар өңірлік күн тәртібі, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бағытындағы халықаралық күшті жұмылдыру мәселелері сөз болды. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапынан осы елге көрсетіліп отырған гуманитарлық көмек шаралары туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы қауіпсіздік, жанжалдардың алдын алу және бейбітшілікті қолдау мәселелерін шешудің ұжымдық тәсілдерін пысықтау үшін Кеңестің жұмысын ілгерілетудегі Ресейдің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

12 қазан күні Қазақстанның төрағалығымен "Пандемиядан кейінгі әлемнің жаңа шындығындағы Азиядағы қауіпсіздік және орнықты даму" тақырыбында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтті. 27 мүше мемлекеттің 23-і сыртқы саяси ведомстволар басшылығы деңгейінде қатысты.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети