• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
96 Категория: Политика - Жарияланды 13/10 - 15:03

НҰРСҰЛТАН, 13 - қазан. - Eurasia Today. Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге Қатар Мемлекеті Консультативтік кеңесінің мүшелерін сайлаудың табысты өтуіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Ақорда сайтының мәліметіне сәйкес, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге Мемлекеті Консультативтік кеңесінің мүшелерін сайлаудың табысты өтуіне орай жолдаған құттықтау жеделхатында:

«Ел тарихында алғаш рет ұйымдастырылған бұл саяси демократиялық шара Қатардың еркін азаматтық қоғам мен зайырлы мемлекет қалыптастыру жолындағы жетістіктерінің айқын көрінісі. Бұл тұрғыдан, еліңіздегі адам құқықтарын қорғау мен бостандықты ілгерілетуге қатысты Сіздің бастамаларыңыздың болашақта да жемісті жүзеге аса беруіне тілектеспін. Осы ретте, Шығанақ өңіріндегі Қазақстанның басты серіктестерінің бірі Қатармен тығыз байланыстарымыздың жылдан жылға ауқымы ұлғайып, ықпалдастығымыздың өрісі кеңейіп келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміз әлеуеті жоғары қарым-қатынастарымызды халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дамыта түсетініне кәміл сенімдімін», – деп жазылған.

Қазақстан мен Қатар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылы 1 шілдеде орнатылды.

2007 жылы мамыр айында Қатарда Қазақстан Елшілігі, 2008 жылдың наурыз айында Қазақстанда Қатар елшілігі ашылды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети