• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
34 Категория: Политика - Жарияланды 14/10 - 09:53

НҰРСҰЛТАН, 14 - қазан. - Eurasia Today. 13 қазанда Тәжікстан президенті Рахмонның Елисей сарайында Макронмен кездесуінде Ауғанстандағы күрделі саяси-гуманитарлық жағдайға ерекше назар аударылды.

Тәжікстан Республикасы президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Эмомали Рахмонның Франция Республикасына ресми сапары Елисей сарайында ресми кездесу рәсімінен басталды.
Кездесу барысында екіжақты мәселелердің кең ауқымы қарастырылғаннан кейін аймақтағы қауіпсіздік мәселелері талқыланған кезде Ауғанстандағы күрделі саяси-гуманитарлық жағдайға ерекше назар аударылды.
Эмомали Рахмон Тәжікстанның Ауғанстандағы жағдайды реттеудегі тұрақты ұстанымын тағы атап өтіп, көршілес елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттық тұрақтылық пен бүкіл аймақтың маңызды факторы екенін қуаттады.
Кездесуде әлемдік қоғамдастық, мемлекеттер мен БҰҰ сияқты беделді ұйымдар бұл елдегі саяси-гуманитарлық мәселелерді шешуде немқұрайлы қарамауы тиіс екендігі баса айтылды.
Жоғары деңгейдегі кездесулер мен келіссөздердің соңында Эмомали Рахмон Эмманюэль Макронды өзіне қолайлы уақытта Тәжікстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Тәжікстан — «Талибан» (Қазақстанда Сот үкімімен жұмысына тыйым салынған лаңкестік ұйым) қозғалысы Ауғанстанда Ашраф Ғанидің үкіметін құлатқаннан бері осы елдегі олардың билігін тануға ынта танытпаған Ауғанстанмен шекаралас жалғыз ел.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

Соцсети