• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1610 Категория: Политика - Жарияланды 19/10 - 09:22

НҰРСҰЛТАН, 19 - қазан. - Eurasia Today. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік Кеңесінің төрағасы Абдалла бен Мұхаммад бен Ибрахим Әл Аш-Шейхпен кездесті.

Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев Парламент Сенаты мен Консультативтік Кеңес арасындағы екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудың әлеуеті мол екенін атап өтті. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясы Қазақстан үшін маңызды сауда-экономикалық серіктес екенін, ал екі ел халқын ортақ дін мен рухани құндылықтар байланыстыратынын айтты.

Сұхбаттасу барысында тараптар екі мемлекеттің өкілді органдары арасында ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендерін танытты. Сонымен қатар, кездесуде келесі жылы 14-15 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерінің VII съезіне дайындық барысы да талқыланды. 

Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта Қазақстан-Саудия қарым-қатынасының одан әрі нығайтуға және кеңейтуге белсенді түрде ықпал етуге дайын екендерін жеткізді. 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+12°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+7°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+6°C Ташкент

Соцсети