• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
19 Категория: Политика - Жарияланды 23/11 - 10:00

НҰРСҰЛТАН, 23 - қараша. - Eurasia Today.  Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон 22 қарашада «Меллат» сарайында Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы Өкілі Жозеп Боррельді қабылдауында тараптар қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Ақпарат торабы тілшісінің Тәжікстан Республикасы Президенті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша кездесудің басында тараптар Тәжікстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сұхбаттың басында Эмомали Рахмон Тәжікстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың кеңеюі елі мен бүкіл аймақтың ілгерілеуіне одан әрі септігін тигізетінін баса айтты.

Кездесуде қауіпсіздік мәселелерін талқылау барысында Тәжікстан мен бүкіл Орталық Азия аймағындағы және Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға назар аударылды. Тараптардың осы саладағы өзара тиімді күш-жігерін, әсіресе, БОМКА/КАДАП бағдарламаларын жүзеге асыру, жолдар, көпірлер, электр желілері және осы елмен шекарадағы басқа аймақтарда нысандарды салу арқылы тәжік-ауған шекарасын қорғауды күшейту аталды.

Кездесу барысында қауіпсіздік пен саяси диалогтың жоғары деңгейі аясында Экономикалық қауымдастықтың, Азаматтық қоғам форумының және ЕО-ның Орталық Азияға арналған жаңа Стратегиясының рөлі туралы пікір алмасу болды.

Еске салайық, Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы Өкілі Жозеп Боррель Орталық Азия және Еуроодақ Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысу үшін Тәжікстанға ресми сапармен келді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+12°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+10°C Душанбе
+18°C Ашхабад
+9°C Ташкент

Соцсети