• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
16 Категория: Политика - Жарияланды 23/11 - 13:09

НҰРСҰЛТАН, 23 - қараша. - Eurasia Today. Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының жаңадан тағайындалған Бас хатшысы Мехмет Сурейя Эрмен кездесті.

Ақпарат торабы тілшісінің ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, тараптар Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Түркітілдес мемлекеттер ұйымы болып қайта аталуын және «Түркі әлемінің келешегі-2040» тұжырымдамалық құжатының қабылдануын құптады. Кездесу барысында парламентшілердің түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуді көздейтін Түркістан декларациясының негізгі тармақтарын іске асырудағы жұмысына қарқын беру қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ Қазақстанның ТүркПА-ны одан әрі жаңғырту жөніндегі ұсыныстарын мақұлдау, оған қоса Ассамблея хатшылығын нығайту, Ұйым регламентінің жұмысын жетілдіру, штаты мен бюджетін ұлғайтудың маңызды екені аталып өтілді. Сенат Төрағасының орынбасары қазақстандық парламентшілердің осы халықаралық ұйымының жұмысына қатысуының маңызды екеніне тоқталды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+12°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+10°C Душанбе
+18°C Ашхабад
+9°C Ташкент

Соцсети