• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
794 Категория: Политика - Жарияланды 25/11 - 11:40

НҰРСҰЛТАН, 25 - қараша. - Eurasia Today. Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлерді даярлау орталығына Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ямада Джун, қорғаныс мәселелері жөніндегі елшінің бірінші хатшысы полковник Саваи Тадаши мен медициналық мәселелер жөніндегі кеңесші Нишизава Соко жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы ақпарат тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында орталықтың бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин орталық қызметінің мақсаты мен мәні, оның ішінде бітімгерлік курстар мен қарқынды тілдік дайындық туралы хабардар етті.

Сонымен қатар Қазақстан мен Жапония қорғаныс ведомстволары арасындағы орталықтың бітімгершілік әлеуетін дамытудағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Төтенше және Өкілетті Елші кездесуді ұйымдастырып, қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ Ямада Джун Қазақстанның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысуын кеңейту арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.


 


 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+9°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+7°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+6°C Ташкент

Соцсети