• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
24 Категория: Политика - Жарияланды 04/12 - 13:15

НҰРСҰЛТАН, 4 - желтоқсан. - Eurasia Today. Қазақстан мен Индонезия Сovid-19 вакцинациясы туралы сертификаттарды өзара тану туралы Меморандумға қол қойды.

Ақпарат торабы тілшісінің ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, онлайн-режимде өткен Health Business Gathering форумы барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов пен Индонезия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Буди Гунади Садикин COVID-19 вакцинациясы туралы сертификаттарды өзара тануға қатысты өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Құжат Қазақстан Үкіметі «Egov mobile» мобильдік қосымшасын пайдалана отырып берген COVID -19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация сертификаттарын және «PeduliLindungi» платформасын пайдалана отырып берілген COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация сертификаттарын тануды көздейді.
Басқа елдермен вакцинация паспорттарын өзара тану жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда қазақстандық вакцинация паспортын әлемнің 20 елі мойындайды: Аргентина Республикасы, Венгрия, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Иордания, Қырғыз Республикасы, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Перу Республикасы, Сан-Марино республикасы, Сербия Республикасы, Тунис Республикасы, Үндістан Республикасы, Филиппин Республикасы, Таиланд, Түркия Республикасы және Эстония Республикасы.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.14
-0.01
EUR
494.69
-0.32
RUB
5.69
-0.40
TJS
38.42
-0.02
TMT
124.03
-0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

Соцсети