• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
391 Категория: Политика - Жарияланды 06/12 - 11:56

НҰРСҰЛТАН, 6 - желтоқсан. - Eurasia Today. Америка Құрама Штаттарының Президенті Джозеф Байден Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдады.

Ақпарат торабы тілшісінің ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, америкалық көшбасшы: «Қазақстанның Орталық Азияда мен бүкіләлемдік бейбітшілік, тұрақтылық пен гүлденуді сақтау жолында көш бастап келе жатқанының 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы қуанышыңызға ортақпын», – деп жазды.

Оның пікірінше, алдағы уақыттағы ықпалдастық екі елдің халықтары үшін жаңа жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік береді. Осы орайда ол Орталық және Оңтүстік Азия өңірлеріндегі өзара байланыстар мен экономикалық өсуге ықпал ету бойынша «Қазақстанның орасан зор күш-жігерін» жоғары бағалады.

«Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті және өңірлік тұрақтылықты ілгерілету, климаттық дағдарысты шешу, демократиялық институттардың тиімділігін арттыру мен адам құқықтарын құрметтеуді дамыту бойынша ынтымақтасуға ниетті», - деп мәлімдеді АҚШ Президенті.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.14
-0.01
EUR
494.69
-0.32
RUB
5.69
-0.40
TJS
38.42
-0.02
TMT
124.03
-0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+7°C Теһран
-2°C Мәскеу
-9°C Нұр-Сұлтан
+2°C Бішкек
+4°C Алматы
+12°C Душанбе
+13°C Ашхабад
+8°C Ташкент

Соцсети