• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1428 Категория: Политика - Жарияланды 06/12 - 14:48

НҰРСҰЛТАН, 6 - желтоқсан. - Eurasia Today. Иран Президенті Ибраһим Раиси Венесуэла Президенті Николас Мадуромен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ақпарат торабының тілшісі хабарлайды.

Телефон арқылы әңгімелесу барысында Иран Президенті екі елдің қарым-қатынасын стратегиялық сипатта деп бағалап, Иранның жаңа үкіметі кезінде Теһран мен Каракас арасындағы қазіргі қарым-қатынастың одан ары артуын қуаттады. Иран Президенті әсіресе екі ел арасында сауда-экономикалық мәселелерді дамыту қажеттілігін атап өтті.

Сондай-ақ, Ибраһим Раиси Венесуэла үкіметі мен халқының тәуелсіздік, әділеттік пен ақиқатты талап етіп, тәкаппарлық пен үстемдік жүйесіне қарсы күресіне тоқталып: «АҚШ-тың Венесуэла үкіметі мен халқына санкциялар салуының себебі-олардың тәуелсіздік пен азаттықты талап етуі»,-деді.

Сонымен қатар, әңгіме барысында Раиси Венесуэлада сайлаудың сәтті өтуімен де құттықтады.

Венесуэла Президенті өз кезегінде Иран мен Венесуэланың ОРЕС аясында әріптестік жасауына тоқталып, екі ел арасында ортақ шараның көп екендігін атап өтті. Мадуро сөзінде ортақ комиссияның көмегімен жаңа келісімшарттарға қол қоятындықтарына үміт артып отырғандарын да жеткізді.

       

 

 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.14
-0.01
EUR
494.69
-0.32
RUB
5.69
-0.40
TJS
38.42
-0.02
TMT
124.03
-0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+7°C Теһран
-2°C Мәскеу
-9°C Нұр-Сұлтан
+2°C Бішкек
+4°C Алматы
+12°C Душанбе
+13°C Ашхабад
+8°C Ташкент

Соцсети