• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
41 Категория: Политика - Жарияланды 08/12 - 10:24

НҰРСҰЛТАН, 8 - желтоқсан. - Eurasia Today. Жексенбі күні кешке Теһранға іссапармен келген Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал әл-Микдад дүйсенбі күні Иран Президенті Ибраһим Раисимен кездесті.

 Кездесу барысында Ибраһим Раиси екі елдің екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелердегі ортақ мүдделеріне тоқталып: «Бүгінгі таңда Теһран мен Дамаск арасындағы қарым-қатынасты нығайту қажет»,-деді.

Сонымен қатар Иран Президенті сөзінде шетелдік күштердің аймақта және Сирияда заңсыз болуының жалғасуы аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін қауіпті екендігін баса айтып:«ДАИШ АҚШ тарапынан құрылды. Аймақтың қай жерінде ДАИШ пен АҚШ болса, сол жердегі халық қауіпсіздікке ұшырауда»,-деді.

Сирия Сыртқы істер министрі Сирия Президенті Башар Асадтың жолдауын Иран Президентіне жеткізіп, Раисиді Сирияға шақырды. Фейсал әл-Микдад сөзінде Сирия халқының ИИР-ның қолдауы мен көмегін ешқашан ұмытпайтындығын жеткізді.

 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.14
-0.01
EUR
494.69
-0.32
RUB
5.69
-0.40
TJS
38.42
-0.02
TMT
124.03
-0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+7°C Теһран
-2°C Мәскеу
-9°C Нұр-Сұлтан
+2°C Бішкек
+4°C Алматы
+12°C Душанбе
+13°C Ашхабад
+8°C Ташкент

Соцсети