• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
21 Категория: Политика - Жарияланды 09/12 - 15:52

НҰР-СҰЛТАН, 9 - желтоқсан. - Eurasia Today. Иранның Мәжіліс төрағасы Мұхаммед Бақер Қалибаф 8 желтоқсанда Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Парламентаралық Одағының 16-шы сессиясына қатысу үшін Түркияға келді.

ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық одағының сессиясына қатысу үшін Түркияға келген Иранның Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бақер Қалибафты Ыстамбұлда Түркия-Иран парламенттік достық тобының төрағасы Осман Нури қарсы алды.

Осман Нури Иранның Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасын қарсы алып, Иран мен Түркияның аймақтағы ұстанымы мен екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына тоқталып: «Екі ел 2023 жылға дейін жақын және перспективалық келіссөздер арқылы байланысты арттыру бағытында қадам жасайды деп үміттенемін. Осы бағытта Иран мен Түркия парламенттері екі ел арасындағы қарым-қатынастарды ілгерілетуде маңызды рөлге ие», - деді. Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Бақер Қалибаф та Иран мен Түркияның парламенттік байланыстарына тоқталып: «Екі ел арасындағы қарым-қатынас, әсіресе Иран мен Түркия парламенттерінің қарым-қатынасы жақсы деңгейде. Бұл байланыс ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге ұластырады деп үміттенемін», - деді.

Сондай-ақ, екі ел арасындағы сауда қарым-қатынастарын дамыту жолындағы кедергілерді жою мақсатында ирандық және түрік кәсіпкерлері және экономикалық белсенділерімен кездесіп, әңгімелесу де Иран Мәжіліс төрағасының саммит аясындағы бір бағдарламасы болып табылады.

Түркия Парламенті Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Парламентаралық Одағының 16-шы сессиясын 9-10 желтоқсанда «Палестина, иммиграция және Ауғанстан» тақырыбымен Ыстамбұлда өткізеді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.14
-0.01
EUR
494.69
-0.32
RUB
5.69
-0.40
TJS
38.42
-0.02
TMT
124.03
-0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+7°C Теһран
-2°C Мәскеу
-9°C Нұр-Сұлтан
+2°C Бішкек
+4°C Алматы
+12°C Душанбе
+13°C Ашхабад
+8°C Ташкент

Соцсети