НҰР-СҰЛТАН, 13 - қаңтар. - Eurasia Today. Тәжікстанның Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юсуф Шарифзода Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының төрағасы, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар климаттың өзгеруіне қарсы күрестің маңыздылығына назар аудара отырып, көптеген мәселелерді талқылады.Бірінші кезекте тараптар тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесудеталқыланған тақырыптардың бірі Тәжікстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты халықаралық алаңдарда ұсынған бастамалары болды.
Еске сала кетсек, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон өткен жылдың қазан айында БҰҰ іс-шараларының бірінде сөйлеген сөзінде әлемдік қауымдастықты мұздықтарды қорғаудың халықаралық қорын құруға шақырған болатын.
Теңге бағамы
Ауа-райы