• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
891 Категория: Политика - Жарияланды 13/01 - 10:43

НҰР-СҰЛТАН, 13 - қаңтар. - Eurasia Today. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Хоссейн Абдоллахианмен телефон арқылы сөйлескенін ақпарат торабының тілшісі ҚР СІМ сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Әңгіме барысында Иран министрі Иран басшылығы мен халқының атынан Қазақстандағы тәртіпсіздіктер барысында қаза тапқандарға көңіл айтты. Сондай-ақ, ол қазақстандық биліктің күрделі жағдайды қалпына келтіру және тұрақтандыру үшін қабылдаған шараларына қолдау білдірді.

ҚР СІМ басшысы ирандық әріптесіне қолдау білдіргені үшін алғыс білдірді. Қазақстан басшылығы тарапынан халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және күнделікті өміріне арналған қажетті іс-әрекеттер қабылданып жатқанын жеткізді.

Сұхбат соңында әңгімелесушілер екіжақты байланыстардың жоғары деңгейіне қолдау көрсету қажеттілігін атап өтті.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
+1.54
USD
432.72
-0.33
EUR
454.14
-0.46
RUB
6.80
+1.61
TJS
35.94
+1.14
TMT
128.31
+1.14
UZS
0.04
+1.37

Ауа-райы

 

+20°C Теһран
+8°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+15°C Бішкек
+15°C Алматы
+17°C Душанбе
+24°C Ашхабад
+19°C Ташкент

Соцсети