НҰР-СҰЛТАН, 14 - қаңтар. - Eurasia Today. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Әзірбайжан Республикасының Премьер-Министрі Али Идаят оглы Асадовпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ақпарат тілшісі ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Әзірбайжан Республикасының Премьер-Министрі Али Идаят оглы Асадов Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.
Сонымен қатар ол деструктивті күштердің агрессиясы салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтып, Қазақстан халқына деген қолдауын білдірді.
«Әзірбайжан-Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі. Біздің елдеріміз арасында сындарлы саяси диалог және екіжақты қарым-қатынастардың кең саласы бойынша жемісті өзара іс-қимыл жолға қойылған. Біз өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге ниеттіміз»,-деді Ә. Смайылов.
Әзірбайжан Республикасының Премьер-Министрі әңгімелесу барысында Ә. Смайыловты өзіне қолайлы уақытта Әзірбайжанға келуге шақырды.
Айта кетсек, Әзірбайжан-Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық серіктесі. Биыл Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.
Теңге бағамы
Ауа-райы