• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
107 Категория: Политика - Жарияланды 18/01 - 10:38

НҰР-СҰЛТАН, 18 - қаңтар. - Eurasia Today. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Түркия Республикасының Вице-Президенті Фуат Октаймен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ақпарат тілшісі ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркия Республикасының Вице-Президенті телефон арқылы әңгімелесу барысында Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Фуат Октай қаңтарда болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Түркияның Қазақстанға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

«Түркия Республикасы- Қазақстанның сенімді әрі стратегиялық серіктесі. Қазақстан Үкіметі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша Түркиямен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады», - деді ҚР Премьер-Министрі.

Айта кетсек, биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
+1.54
USD
431.03
-0.18
EUR
455.90
+0.60
RUB
7.01
+3.23
TJS
35.86
+1.14
TMT
128.03
+1.14
UZS
0.04
+1.37

Ауа-райы

 

+20°C Теһран
+8°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+15°C Бішкек
+15°C Алматы
+17°C Душанбе
+24°C Ашхабад
+19°C Ташкент

Соцсети