ӨзбекстанПрезидентіТүркіменстанминистрлеркабинетітөрағасыныңорынбасарыСердарБердімұхамедовтықабылдады
- Толығырақ
- Қаралды: 56
НҰР-СҰЛТАН, 18 - қаңтар. - Eurasia Today. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев кеше, 17 қаңтарда Ташкентке жұмыс сапарымен келген Түркіменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Бердімұхамедовты қабылдады.
Кездесу барысында Өзбекстан Президенті соңғы жылдары екі ел арасындағы достық қарым-қатынастар пен стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Сердар БердімұхамедовШавкат Мирзиёевкеқабылдағаны үшін шын жүректен алғыс білдіріп, Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың құттықтауларын, тілектерін жеткізді.
Сердар Бердімұхамедов халықаралық саясат пен өңірлік қатынастар мәселелері бойынша екі елдің ұстанымдарының жақындығы мен ұқсастығын ерекше атап өтті.
Кездесуде өзара іс-қимылды тереңдету және өзара сауда көлемін ұлғайту, өнеркәсіп, энергетика, су және ауыл шаруашылығы саласындағы кооперацияның жаңа бірлескен жобаларын іске асыру, сондай-ақ екі елдің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану жөніндегі практикалық қадамдарға ерекше назар аударылды.
Теңге бағамы
Ауа-райы