• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
100 Категория: Политика - Жарияланды 18/01 - 12:47

НҰР-СҰЛТАН, 18 - қаңтар. - Eurasia Today. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Албания премьер-министрі Эди Раманың шақыруымен ресми кездесулер өткізу үшін Албания астанасына келді.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған кеше, 17 қаңтарда Албанияға ресми сапармен келді.Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанды «Ана Тереза» халықаралық әуежайында Албания премьер-министрі Эди Рама салтанатты түрде қарсы алды.

Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Ердоған мен Рама салтанатты түрде амандасып, делегациялар таныстырылды.

Ердоған мен Рама 2019 жылы Албанияда болған зілзала апатында баспаналарынан айырылған отбасылар үшін Түркия салған үйлерді тапсыру рәсіміне қатысу мақсатында Лач қаласына барды.

Тараптар кездесулерде екіжақты қарым-қатынастар, аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Түркия Президенті Тиранада Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) қалпына келтірген Этхем Бей мешітін ашады және Албания парламентінде сөз сөйлейді.

 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
+1.54
USD
432.72
-0.33
EUR
454.14
-0.46
RUB
6.80
+1.61
TJS
35.94
+1.14
TMT
128.31
+1.14
UZS
0.04
+1.37

Ауа-райы

 

+20°C Теһран
+8°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+15°C Бішкек
+15°C Алматы
+17°C Душанбе
+24°C Ашхабад
+19°C Ташкент

Соцсети