НҰР-СҰЛТАН, 20 - қаңтар. - Eurasia Today. Түркия президенті Тайып Ердоған Ресей мен Украина президенттері Владимир Путин мен Владимир Зеленскийді екі ел арасындағы «келіспеген жағдайды реттеу» үшін Түркияға шақырды. Бұл туралы сәрсенбі күні Түркия басшысының ресми өкілі Ибрагим Калин мәлімдеді.
Түркия Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы шиеленісті азайту үшін кез келген рөлде әрекет етуге дайын. Президент Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер жүргізуде. Тіпті, ол екеуін де кездесіп, проблемалары мен келіспеушіліктерін шешкісі келсе, Түркияға келуге шақырды».
Сонымен қатар, Калын Ердоғанның «алдағы бірнеше аптада Зеленскиймен келіссөздер жүргізу үшін Украинаға баратынын» айтты. Түркия президенті өткен жылы Ресей мен Украина арасындағы дағдарысты реттеуге қатысуға ниетті екенін бірнеше рет мәлімдеген.
Теңге бағамы
Ауа-райы