• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1395 Категория: Политика - Жарияланды 05/05 - 12:35

НҰР-СҰЛТАН, 5 - мамыр. - Eurasia Todaу. Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Тәжібаевты қабылдады. 

Түркіменстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша дипломат Түркіменстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды. Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың конструктивті түркімен-қазақ диалогын жандандыруға дайын екенін растаған сәлемін жеткізіп, мүмкіндікті пайдалана отырып, Түркіменстан басшысына мемлекеттік жоғары лауазымдағы ауқымды қызметіне табыс тіледі.
Президент Сердар Бердімұхамедов жылы лебізге алғыс айтып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ел халқына сәлемі және ізгі тілектерін жолдап, дипломатты жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, көп қырлы мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту саласында тілектестік білдірді.

Кездесу барысында Түркіменстан басшысы мен Қазақстанның өкілетті өкілі өзара құрмет пен қолдау қағидаттарына негізделген, сондай-ақ әлеуеті зор мемлекетаралық ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасты. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылы Ашхабадқа мемлекеттік сапары және екі ел басшыларының Орталық Азия Мемлекет басшыларының Үшінші консультативтік форумы аясындағы кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды. 
Түркіменстанның Мемлекет басшысы мен дипломат екі елдің сенімді серіктестік бағытын ұстанып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, дәстүрлі ынтымақтастықты жандандыруға және достас халықтардың одан әрі жақындасуына ықпал ететін жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға толық дайын екендіктерін жеткізді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
+1.54
USD
432.72
-0.33
EUR
454.14
-0.46
RUB
6.80
+1.61
TJS
35.94
+1.14
TMT
128.31
+1.14
UZS
0.04
+1.37

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+8°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+15°C Бішкек
+15°C Алматы
+17°C Душанбе
+32°C Ашхабад
+19°C Ташкент

Соцсети