• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
80 Категория: Политика - Жарияланды 11/05 - 11:16

НҰР-СҰЛТАН, 11 - мамыр. - Eurasia Todaу. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Түркияға сапарының қорытындысын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Бағдат Мусиннің сөзінше, жалпы іссапардың бағдарламасы өте мазмұнды болған.

Министр сапар барысында мемлекеттік органдармен кездесіп қана қоймай, сонымен қатар ІТ-технопарктерге де барды. Б. Мусин Түркия ІТ-технопарктерінің таңғалдырғанын да жасырмаған.

«Мереке күндері белсенді өтті. 8-10 мамыр аралығында ІТ-бизнес өкілдерімен бірге болашақ бірлескен жобаларды талқылау және екіжақты ынтымақтастық деңгейін арттыру үшін Түркия Республикасына бардық. Түркия астанасы Анкарада Түркияның өнеркәсіп және технологиялар министрі Мұстафа Варанк, TUBITAK Президенті, Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Караисмайоглу, Түркияның Сауда палаталары мен тауар биржалары Одағының Президенті Рифат Хисарджиклиоглумен кездестік. Екіжақты ынтымақтастықтың ықтимал нұсқаларын талқылап, меморандумға қол қойдық»,- деп жазылған Бағдат Мусиннің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
444.89
+0.14
EUR
477.21
+0.45
RUB
5.44
-0.40
TJS
40.80
+0.01
TMT
127.23
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+13°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети