НҰР-СҰЛТАН, 14 - мамыр. - Eurasia Todaу. 2022 жылғы 13 мамырда Душанбеде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің көктемгі отырысы өтті.
ТР СІМ мәліметі бойынша отырысқа Достастыққа қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер ведомстволарының басшылары мен ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы қатысты.
Министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасты. Қазақстанның ТМД-ға төрағалығының басымдықтарына сәйкес ынтымақтастықтың барлық негізгі бағыттары бойынша практикалық серіктестікті тереңдету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды егжей-тегжейлі талқылады.
Кездесу барысында ТМД қызметінің барлық спектрі бойынша бірлескен күш-жігерді өзектілендіру мен үйлестіруге ықпал ететін Достастық форматында СІМ аралық консультацияларды өткізу тәжірибесіне жоғары баға берілді. Сондай-ақ министрлер сыртқы істер министрліктері арасындағы әріптестікті жандандыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын дәйекті жүзеге асыру туралы келісті.
Министрлер кеңесі отырысының нәтижесінде 11 шешімге қол қойылды.
ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысы 2022 жылғы 13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
Теңге бағамы
Ауа-райы