• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
522 Категория: Политика - Жарияланды 19/05 - 14:46

НҰР-СҰЛТАН, 19 - мамыр. - Eurasia Todaу. Оман ақпарат агенттігінің Twitter әлеуметтік желісіндегі аккаунтындағы мәлімет бойынша Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Иран Ислам Республикасымен 2020 жылы теңіз көлігі саласында қол қойылған ынтымақтастық келісімін растау туралы жарлық шығарды. 

Оманның Өнеркәсіп және сауда министрі Қайс Мұхаммад Юсеф әл-Лавати бұған дейін Иран Ислам Республикасы мен Оман ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның 19-шы отырысында Чабахар порты арқылы Иран-Оман теңіз байланысы мен саудасын күшейту және оны пайдалану мәселесін баса айтты. 
Айта кетейік, Иран Ислам Республикасы Президентінің Оманға сапары қарсаңында Иранның Сауданы дамыту ұйымының министрінің орынбасары әрі төрағасы Алиреза Пейманпак 30 жеке компаниядан тұратын жоғары деңгейдегі сауда делегациясын басқарып, екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығы жолындағы кедергілерді жою туралы келіссөздер жүргізу үшін 16 мамыр күні Оманға келді.
Еске салайық, алдағы күндері Иран президенті Ибраһим Раиси Маскатқа сапармен келіп, Оман сұлтанымен кездеседі.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
456.11
0.00
EUR
483.11
+0.07
RUB
8.33
-1.04
TJS
41.84
+3.65
TMT
130.32
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+31°C Теһран
+12°C Мәскеу
+12°C Нұр-Сұлтан
+30°C Бішкек
+28°C Алматы
+33°C Душанбе
+34°C Ашхабад
+33°C Ташкент

Соцсети