• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
167 Категория: Политика - Жарияланды 20/05 - 12:58

НҰР-СҰЛТАН, 20 - мамыр. - Eurasia Todaу. 19 мамырда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров телефон арқылы сөйлесті.

ӨР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша сұхбатта Өзбекстан-Қырғызстан достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері қарастырылды.

Әртүрлі деңгейдегі өзара байланыстар мен алмасулардың жанданғаны қанағаттанушылықпен атап өтілді. Екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық кеңейіп келеді. Жыл басынан бері тауар айналымы 30 пайызға өсті.

Келісімдерді жүзеге асыруға және бес негізгі бағыт бойынша – Мемлекеттік шекара мәселелері, тауар айналымын арттыру, өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету, көлік және энергетика саласындағы бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды ілгерілету мәселелері бойынша практикалық ынтымақтастықтың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге баса назар аударылды.

Өңірлік диалог мәселелеріне қатысты Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті Консультативтік кездесуінің күн тәртібін жан-жақты дайындаудың маңыздылығы атап өтілді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
456.11
0.00
EUR
483.11
+0.07
RUB
8.33
-1.04
TJS
41.84
+3.65
TMT
130.32
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+31°C Теһран
+12°C Мәскеу
+12°C Нұр-Сұлтан
+30°C Бішкек
+28°C Алматы
+33°C Душанбе
+34°C Ашхабад
+33°C Ташкент

Соцсети