• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
752 Категория: Политика - Жарияланды 23/05 - 17:26

НҰР-СҰЛТАН, 23 - мамыр. - Eurasia Todaу. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары әрі сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Иран Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Ғоламхосейн Шафеимен кездесті. Кездесу барысында екі тарап ынтымақтастық деңгейін арттыру жолдарын талқылады.

Сұлтанов кездесу барысында Иран мен Қазақстан арасында апта сайынғы тікелей рейсті іске қосу туралы өтінішке, сондай-ақ ирандық кәсіпкерлерге виза беру мәселесіне тоқталып, апта сайынғы рейстің ашылуын тікелей өзі қадағалайтынын айтты. Ол виза мәселесін де қадағалағанын, осы уақытқа дейін жүргізген консультацияларының нәтижесінде Қазақстанға келген ирандық кәсіпкерлерге елдің аумағында 72 сағат визасыз тұруға рұқсат берілгенін мәлімдеп, мұны бұрынғы жағдаймен салыстырғанда алға қарай жасалған шағын қадам деп атады.

Кездесуде Мазандаран палатасының төрағасы Абдулла Мохаджер Дараби да Мазандаран провинциясы мен Қазақстан арасында тікелей әуе қатынасын орнатудың екі ел арасындағы туризмді де, басқа да сауда салаларын дамыта алатынын, ай сайынғы рейсті апталық рейске айналдыру қажеттігін қуаттады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары әрі Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бастаған қазақстандық делегация 21 мамырда екі күндік жұмыс сапарымен Иранға келді.

Сапар барысында сауда, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мұнай, көлік және қалалық даму министрліктерінде, сондай-ақ т/ж әкімшілігінің, Ұлттық банктің, ұлттық мұнай компаниясының басшылығымен, Сауда-өнеркәсіп палатасының және елдің кейбір провинцияларының өкілдерімен кездесулер өтті.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
456.11
0.00
EUR
483.11
+0.07
RUB
8.33
-1.04
TJS
41.84
+3.65
TMT
130.32
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+31°C Теһран
+12°C Мәскеу
+12°C Нұр-Сұлтан
+30°C Бішкек
+28°C Алматы
+33°C Душанбе
+34°C Ашхабад
+33°C Ташкент

Соцсети