• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
332 Категория: Политика - Жарияланды 24/05 - 11:52

НҰР-СҰЛТАН, 24 - мамыр. - Eurasia Todaу. АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бюросының көмекшісі Дональд Лу 23-27 мамырда Орта Азия мемлекеттеріне, соның ішінде Қырғыз Республикасына, Өзбекстанға, Тәжікстанға және Қазақстанға сапармен келеді.

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің сайтында мәлімет жарияланды.

АҚШ делегациясын басқарып келетін Дональд Лу сапарының мақсаты АҚШ-тың аймақпен қарым-қатынасы мен өзара байланысын нығайту, Орталық Азияны қауіпсіздендіру үшін бірлескен күш-жігерді ілгерілету деп жарияланды.

Делегация құрамында Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей және Орталық Азия бойынша аға директоры Эрик Грин, Ауғанстан, Пәкістан және Орталық Азия бойынша Қорғаныс министрі көмекшісінің орынбасары Ребекка Зиммерман, АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің Азия бойынша Бюро әкімшісі көмекшісінің орынбасары Анджали Каур, АҚШ-тың Халықаралық Даму Қаржы Корпорациясы Басқарма басшысының саясат жөніндегі орынбасары Наз Эл-Хатиб бар.

Қырғыз Республикасында делегация Құрама Штаттардың ортақ құндылықтарды, жергілікті мәдениетті және экономикалық дамуды жақсырақ қолдау көрсету жолдарын табу үшін Қырғызстанның жоғары лауазымды шенеуніктерімен, азаматтық қоғаммен және экономика жетекшілерімен кездеседі.

Өзбекстанда делегация Өзбекстан үкіметінің қайраткерлерімен, бизнес көшбасшыларымен және азаматтық қоғаммен кездесіп, экономикалық серіктестікті нығайту, ортақ құндылықтарды және әйелдердің құқықтарын кеңейтуге қатысты АҚШ-тың қолдауын талқылайды.

Хатшының көмекшісі Лу және оның қасындағы делегация жоғары лауазымды тұлғалармен кездесу және экономикалық байланыстарды ілгерілету және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында жыл сайынғы АҚШ-Тәжікстан екіжақты консультацияларына қатысу үшін Тәжікстанға барады. Лу осы елде сонымен бірге азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, ауған босқындарына гуманитарлық көмек пен басқа да қолдауларды, адам құқықтарын, азық-түлік қауіпсіздігі мен әйелдердің қоғамдағы рөлін талқылайды.

Қазақстанда делегация Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктерімен және азаматтық қоғам жетекшілерімен кездесіп, Қазақстанның реформалар күн тәртібін, адам құқықтарын қорғауды күшейту және әйелдердің құқықтарын кеңейту бойынша күш-жігерді талқылайды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
456.11
0.00
EUR
483.11
+0.07
RUB
8.33
-1.04
TJS
41.84
+3.65
TMT
130.32
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+12°C Мәскеу
+12°C Нұр-Сұлтан
+30°C Бішкек
+28°C Алматы
+33°C Душанбе
+34°C Ашхабад
+33°C Ташкент

Соцсети